Елімізде

Аяз, тұман: алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Қазақстан аумағының басым бөлігінде кең ауқымды аязды антициклон өз әсерін жалғастыруда.

Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері температуралық фонда айтарлықтай өзгерістер болмайды. Ел бойынша ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Алайда республиканың оңтүстік өңірлерінде жауын-шашын күтіледі. Кей жерлерде жауын-шашын мөлшері мол болуы мүмкін, негізінен жаңбыр түрінде түседі деп болжануда. Сонымен қатар бұл аймақтарда желдің күшеюі байқалып, көктайғақ құбылыстары орын алуы ықтимал.

Кезеңнің соңына қарай оңтүстік облыстарда ауа температурасы түнгі уақытта 10–17 градус аязға дейін төмендейді. Ал Түркістан облысы аумағында түнде 2–10 градус аяз күтіледі. Күндіз оңтүстік өңірлерде ауа температурасы 2–12 градус аяз шамасында болса, Түркістан облысында 2–7 градус жылы болуы мүмкін.

Жалпы республика бойынша тұман түсуі ықтимал. Мамандар жол қозғалысына қатысушылар мен тұрғындарға ауа райының қолайсыз құбылыстарына байланысты сақ болуға кеңес береді.