Елімізде

Аяздың беті қашан қайтады? Синоптиктер болжам жасады

Бұл туралы "Қазгидромет" РМК мамандары мәлім етті.

Күнтізбе бойынша көктем келгенімен, қыс өз орнын оңайлықпен босатар емес. Әсіресе солтүстік және шығыс өңірлердің тұрғындары қыс ызғарын әлі де қатты сезінуде. Қар мен бораннан кейін бұл аймақтар суық антициклонның ықпалында қалып, ауа температурасы айтарлықтай төмендеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Синоптиктердің айтуынша, дәл осы антициклон суық ауа массасын ұстап тұрып, түнгі уақытта аяздың күшеюіне себеп болған. Соның салдарынан кей өңірлерде температура әдеттегіден төмен болып, қысқы ауа райы сақталып тұр.

Алайда көктем де өз әсерін біртіндеп көрсете бастайды. Мамандардың болжамынша, 12 наурыздан бастап Қазақстан аумағында ауа температурасы біртіндеп көтеріледі. Алдағы күндері солтүстік аймақтарда да күндізгі температура нөлден жоғарылап, оң көрсеткіштер байқала бастайды.

Ал оңтүстік өңірлерде жылыну бұдан да ертерек сезіледі. Синоптиктердің мәліметінше, 14 наурызға қарай бұл аймақтарда термометр бағандары +5…+10°С-қа дейін көтеріледі деп күтілуде.