Елімізде

Абай облысында 32,5 млн теңгеге салынған дәретханалар әлі істемей тұр

Тіпті онда жылу жүйесі де қарастырылмаған

"Әділдік жолы" қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Дидар Смағұлов Абай облысындағы Семей қаласынан Қарауыл ауылына баратын жолдағы көшедегі дәретхананы тексеріп, кемшіліктері бойынша әлеуметтік желіде жазба жариялады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Дидар Смағұловтың айтуынша, аталған нысан 2024 жылдың ақпанында қабылданып, ақшасы төленгеніне қарамастан, әлі жұмыс істемейді екен.

Департаменттің мәліметі бойынша, далаға орнатылған модульге екі жыл кепілдік берілген (оның жарты жылға жуығы жұмыс істемей тұр), ал оның ішінде: сауда залы, ерлер дәретханасы, әйелдер дәретханасы, мүгедектерге арналған дәретхана, қызметкерлерге арналған бөлме және электр (конвекторлық) жылыту қарастырылған техникалық бөлме бар.