Елімізде

«Қазақфильмнің» вице-президенті сотталды

Бұл туралы Антикор хабарлады

Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясы» АҚ вице-президенті сотталды, деп хабарлайды jambylinfo.kz Антикордың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

«Алматы қаласының Бостандық аудандық соты Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясы» АҚ бұрынғы вице-президенті С.С. Жұбандықовқа қатысты үкім шығарды. Ол Алматы облысы Іле жағалауындағы «Көшпенділер» киножобасы аясында нарықтық құнынан 44 есе төмен бағамен салынған «Түркістан қаласы» Бутафор бекінісін заңсыз іске асыру жолымен мемлекетке залал келтіре отыра жымқырғаны үшін сотталды», - деп хабарлайды Агенттік.

Сот үкімімен Жұбандықовқа шартты түрде 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.Үкім заңды күшіне енген жоқ.