Қазақстанға Пржевальский жылқыларының тағы сегізі жеткізілді

Бұл туралы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті мәлімдеді
Чехиядағы Прага хайуанаттар бағынан және Венгрияның "Хортобадь" ұлттық паркінен Пржевальский жылқыларының жаңа тобы Қазақстанға әкелінді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Жылқылар екі әскери ұшақпен жеткізілді – әрқайсысында төртеуден. Олар бір жыл бойы Қостанай облысындағы "Алтын Дала" табиғи резерваты аумағында қоршалған аймақта болады. Кейін жабайы табиғатқа жіберіледі.
Бұл — "Жабайы жылқыларды қайта оралу" жобасы аясында жүзеге асырылған екінші халықаралық тасымал. Алғашқы жеті жылқы 2024 жылдың маусымында келген болатын. Олар 30 градустық аязда алғашқы қысты Торғай даласында өткізіп, жаңа жағдайға бейімделіп, қажетті ветеринарлық бақылаудан өтті. Умбра және Веспа есімді екі биеге GPS-қарғыбау тағылып, болашақта олардың қозғалысын бақылауға мүмкіндік бермек.
2029 жылға дейін Қазақстанға жалпы 40–45 Пржевальский жылқысын әкелу жоспарланып отыр.
"Алтын Дала" резерваты 2012 жылы құрылған, жалпы аумағы — 489 766 гектар.
Пржевальский жылқысы – жер бетінде қалған жалғыз жабайы жылқы түрі. ХХ ғасырдың ортасында бұл жануарлар жабайы табиғатта жойылып кеткен еді. Қазіргі таңда зообақтардағы барлық дарақтар осы түрді қайта көбейту бағдарламаларына қатыстырылып отыр.