Қазақстанға Таиландтан есірткіні пошта арқылы жөнелтпек болған
Бұл туралы Қаржы мониторинг агенттігі хабарлады
Қаржылық мониторинг агенттігі "Әуежай-Астана" кеден бекеті мен «DHL» курьерлік компаниясының қызметкерлерімен бірлесе отырып, Таиландтан халық тұтынатын тауарлар түріндегі почта сәлемдемелері арқылы аса ірі мөлшерде есірткі заттарын жеткізу фактісін тоқтатты, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Дереккөзге сүйенсек, Агенттіктің Астана қаласы бойынша департаментінің қызметкерлері қызметтік-іздестіру итінің көмегімен «DHL» уақытша сақтау қоймасын тексеру кезінде кедендік бақылау аймағында халықаралық почтамен келген 3 қорап табылған. Ішін тексере келе құзырлы орган қораптардың ішінен жалпы салмағы 3,5 кг каннабис сығындысын (гашиш майы) тапқан.
Белгілі болып отырғандай, төрт күдікті де қамауға түскен.