Елімізде

Қазақстан халқы қартайып жатыр - зерттеу

Қазақстан халқы қартайып жатыр - зерттеу

Қазақстанда қарттардың үлесі артқан. Бұл туралы ЮНФПА (БҰҰ Халық қоныстану қоры) зерттеуінде жазылған. ЮНФПА мәліметіне сәйкес, Қазақстан демографиялық қартаю процесінің бастапқы сатысында тұр.

БҰҰ классификациясы бойынша егер қоғамда 65 жастан асқан және жасы одан жоғары адамдардың үлесі 7 пайыздан асса, онда қартаю процесі жүріп жатқанын көрсетеді.

Оның айтуынша, елдің солтүстік-шығысында және Орталық Қазақстанның бір бөлігіндегі жағдай Еуропа елдерімен ұқсас. Бұл халықтың шамалы табиғи өсуі және эмиграциямен байланысты. Ал республиканың оңтүстік және батыс өңірлерінде, әрі Нұр-Сұлтанда бала туудың өсуі байқалады, нәтижесінде бұл көрсеткіш төмен. Ерлер мен әйелдер санының диспропорциясы, әсіресе қартайғанда анық байқалады. Әлемде жасы үлкен адамдардың басым бөлігі әйелдер болып саналады. Қазақстандағы жағдай осыған ұқсас. Мұнда әрбір жасы 60-тан асқан және одар жоғары әрбір 100 әйелге осы жас тобындағы 62 ер адам келеді.

Оның айтуынша, халықтың қартаю процесі адам өмірінің барлық саласына: экономикаға, жинақтарға, инвестициялар мен тұтынуға, еңбек нарығына, зейнетақы мен салық салуға айтарлықтай әсер етеді. Әлеуметтік салада бұл адамдардың денсаулық жағдайына, отбасы құрамына, өмір салтына, тұрғын үй жағдайына және халықтың көші-қонына әсерін тигізеді. Сонымен қатар, ерлер мен әйелдерді жұмыспен қамтудағы және кірістегі айырмашылықтар егде жастағы әйелдер үшін кедейлік қаупін арттырып, зейнетақымен қамтамасыз етудегі гендерлік алшақтыққа ықпал етеді.

tengrinews