Елімізде

Қазақстан халқының саны 18 млн 700 мың адамнан асты

Қазақстан халқының саны 18 млн 700 мың адамнан асты

2020 жылдың қыркүйек айында Қазақстан халқының саны 18 млн 785 мың адамға жетті, деп хабарлады ҚР ҰЭМ Статистика комитеті.

Комитет мәліметінше, былтырғы жылғы 1 қыркүйекпен салыстырғанда халық саны 237,5 мың адамға немесе 1,3 пайызға өскен. Ең көп жалпы өсім еліміздің 3 өңірінде: Алматы (63,1 мың адам), Нұр-Сұлтан (50,0 мың адам) және Шымкент (31,8 мың адам) қалаларында тіркелді.

  Azattyq Rýhy