жұма, 5 желтоқсан, 2025 16:21

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстан өңірлерінде жылыту маусымы басталды

Қазақстан өңірлерінде жылыту маусымы басталды
Ortcom.kz
Елде күзгі-қысқы кезеңге дайындық жұмыстары аяқталуға жақын. Павлодар облысында жылыту маусымы ресми түрде басталды. Алдағы күндері Солтүстік Қазақстан, Қарағанды және Ақмола облыстарында да жылу беріле бастайды. Қалған өңірлерде маусым белгіленген кестеге сәйкес, ауа температурасына байланысты қосылады.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің төрағасы Ержан Ертаев мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Комитет төрағасының айтуынша, биыл электр станцияларында 10 энергоблок, 63 қазандық және 39 турбинаны жөндеу жоспарланған. Қазіргі таңда олардың жартысынан көбі дайын: 6 энергоблок, 29 қазандық және 16 турбинадағы жұмыстар аяқталды.

Электр желілерін жаңғырту бағытында да ілгерілеу бар. Жыл соңына дейін 17 мың шақырым желіні және 420 қосалқы станцияны жөндеу жоспарланса, қазірдің өзінде 16 мың шақырым желі мен 373 қосалқы станцияда жұмыстар толық аяқталған.

«Барлық жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес жүріп жатыр», – деді Ержан Ертаев.

 

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар