бейсенбі, 25 желтоқсан, 2025 14:55

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстан күнбағыс майын экспорттайтын әлемдегі жетекші сегіз елдің қатарына енді

Қазақстан күнбағыс майын экспорттайтын әлемдегі жетекші сегіз елдің қатарына енді
Фото: Baltionline.md
Бұл туралы Майлы дақылдарды өңдеушілер ұлттық қауымдастығы басқармасының төрағасы Ядыкар Ибрагимов мәлімдеді.

Қазақстан күнбағыс майын экспорттаушылардың әлемдік рейтингінде 8-орынға көтерілді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

2025 жылдың 10 айында тазартылған майдың экспорты 122%-ға өсіп, 132 мың тоннадан асты. Шетелдік жеткізілімдердің жалпы көлеміндегі жоғары қайта бөлу өнімдерінің үлесі 25%-ға дейін өсті, ал бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 18%-дан аспаған.

2026 жылы саланы дамытуға жиынтық қуаттылығы жыл сайын 370 мың тонна болатын төрт ірі инвестициялық жобаны іске қосу ықпал ететін болады. Бұл Қазақстанға таяудағы екі-үш жылда Орталық Азия мен Таяу Шығыс нарықтарындағы позициясын нығайтуға мүмкіндік береді.

«Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуді дамыту жөнінде нақты міндет қойды. Осы тапсырманы жүзеге асырудың және шикізаттық емес тауарлардың экспортын қолдаудың нәтижесінде бұрын нетто-импорттаушы болған Қазақстан соңғы жылдары айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді. 

Биыл біз әлемдік рейтингте алтыншы орынға ие боламыз деп күтеміз. Орта мерзімді перспективада біздің мақсатымыз – ТОП-5-ке кіру, ал болашақта күнбағыс майын әлемдегі ең ірі жеткізушілердің үштігіне ену», — деп атап өтті Ядыкар Ибрагимов.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар