жұма, 5 желтоқсан, 2025 19:44

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстан мен Бельгия парламентаралық ынтымақтастықты кеңейтуді талқылады

Қазақстан мен Бельгия парламентаралық ынтымақтастықты кеңейтуді талқылады
Сыртқы істер министрлігі
Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов Бельгия Корольдігінің Федералдық Парламентіндегі Орталық Азия елдерімен достық тобының төрайымы, Фламанд Парламентінің депутаты Стефан Д’Оз бастаған парламенттік делегациясымен кездесу өткізді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Министрдің орынбасары Қазақстан мен Бельгия арасындағы екіжақты және көпжақты деңгейлерде, соның ішінде Еуропалық одақ пен басқа халықаралық алаңдардағы ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

Кездесу барысында Қазақстан-Бельгия серіктестігінің өзекті бағыттары және бірлескен іс-шаралар бойынша пікір алмасу өтті.

Тараптар парламентаралық байланыстарды одар әрі нығайтуға, өзара тиімді экономикалық серіктестікті және екі ел арасындағы іскерлік байланыстарды күшейтуге қызығушылық білдірді.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар