Елімізде

Қазақстан мен Ресей шекарасында көліктер өте алмай тұр

Бұған Қазақстандағы су тасқыны себеп болған

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі су тасқынына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды jambylinfo.kz комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Дереккөзіне сүйенсек, Ақтөбе, ШҚО, БҚО, Абай және Қостанай облыстарындағы су тасқынына байланысты Қазақстан-Ресей шекарасының жекелеген бағыттарында республикалық және халықаралық маңызы бар автожолдарда көлік қозғалысы шектелуі мүмкін.