Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе рейстері қысқартылмақ
Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе рейстері қысқартылмақ
Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе рейстерінің жиілігі қысқартылмақ. Бұл туралы ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова айтты. Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында БАҚ өкілдері комитет төрайымынан:«Қандай жағдайда Денсаулық сақтау министрлігі Түркиямен арадағы әуе қатынасын шектеу туралы ұсынысты ведоствоаралық комиссияға ұсына алады?» деп сұраған еді. Осы ретте Айжан Есмағамбетова мұндай ұсыныс ведоствоаралық комиссияға берілгенін айтты. «Түркиядағы эпидемиологиялық ахуал барынша күрделі. Күн сайын 50 мыңнан астам жағдай тіркеліп жатыр. Егер еліміздегі науқастанумен салыстыратын болсақ, онда тәуліктік көрсеткіш 5,5 есеге көп. Сондықтан да бүгін ведомствоаралық комиссияның отырысында Түркияға әуе рейстерінің санын қысқарту туралы ұсыныс енгізілді. Қазіргі уақытта бұл ұсыныс қарастырылып жатыр», - деді комитет төрайымы