жұма, 23 қаңтар, 2026 18:54

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстан мен Қытай су шаруашылығы саласының мамандарын даярлайтын бірлескен колледж құруды пысықтап жатыр

Қазақстан мен Қытай су шаруашылығы саласының мамандарын даярлайтын бірлескен колледж құруды пысықтап жатыр
Pixabay.com
Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Қазақстан мен ҚХР еліміздің су шаруашылығы саласына жұмысшы кадрлар даярлайтын бірлескен колледж құруға бағытталған іс-шараларды іске асыруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Атап айтқанда, колледжді құрудың ұйымдастырушылық-құқықтық моделін әзірлеу, су шаруашылығы саласының қажеттіліктерін ескере отырып, басым бағыттағы мамандықтар бойынша білім беру бағдарламаларын дайындау және келісу көзделген. Сондай-ақ су шаруашылығы объектілерінде өндірістік тәжірибеден өтіп, дуальды оқытуды енгізу және оқу жоспарларын, зертханалық базаны және біліктілікті арттыру бағдарламаларын әзірлеуге қытайлық серіктестерді тарту көзделеді.

Бұдан бөлек, білім алушылардың академиялық ұтқырлығын ұйымдастыру, оның ішінде қысқамерзімді тағылымдамалар мен оқу модульдерін өткізу, сондай-ақ түлектердің біліктілігін тану және оларды су шаруашылығы саласындағы ұйымдарға одан әрі жұмысқа орналастыру мәселелерін пысықтау қарастырылған.

«Бұл жобаны іске асыру қытай тарапының қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Колледж білікті жұмысшы кадрлар мен орта буын мамандарын даярлауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар қытайлық серіктестермен бірлесіп, қазіргі уақытта жұмыс істеп жүрген мамандардың біліктілігін арттыру жұмыстары да жүргізіліп жатыр. Биыл Power China компаниясының есебінен Қытайға оқуға 200 адам жіберіледі. Былтыр көрші елде су шаруашылығы саласындағы 125 маманымыз білімін жетілдірген болатын», – деді Су ресурстары және ирригация министрлігінің Ғылым және инновациялық технологиялар департаментінің директоры Ләззат Жүсіпова.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар