жұма, 5 желтоқсан, 2025 14:32

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстан су дипломатиясында айтарлықтай жетістікке жетіп келеді

Қазақстан су дипломатиясында айтарлықтай жетістікке жетіп келеді
Pixabay.com
Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Швейцарияның даму және ынтымақтастық агенттігінің Blue Peace Орталық Азия жобасының жетекшісі Александр Николаенко Қазақстанның су дипломатиясы саласындағы қадамдарын жоғары бағалады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

«Қазақстанда Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылғанына небәрі екі жыл ғана болса да, ол елдің су шаруашылығын дамыту үшін қажет көптеген бағытты қамтыды. Солардың ішінде аса маңызды құрамдас бөлік – су дипломатиясы. Яғни Орталық Азия елдері арасындағы диалог алаңдары мен келіссөздер процестерін қамтамасыз ету, сондай-ақ су шаруашылығы саласындағы Қазақстан алдында тұрған мәселелерді шешу үшін мүдделі әріптестерді тарту. Бұл – өте күрделі үдеріс, алайда соңғы екі жылда Қазақстан республика мен халықтың су қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мемлекетаралық әріптестікті дамытуға көп күш салып келеді», – деді Александр Николаенко.

Ол Қазақстан мен Өзбекстанның Сырдария өзеніндегі он гидробекетті автоматтандыру бастамасын өңірлік әріптестіктің нақты үлгісі ретінде атады.

Николаенконың пікірінше, министрліктің құрылуы Қазақстандағы су мәселелерін саяси деңгейге көтеріп, жаңа бастамаларға жол ашты. Оның ішінде жаңа Су кодексінің әзірленуі мен қабылдануы – маңызды қадам.

«Қазақстанда Су кодексін әзірлеу бірнеше жыл бойы жүргізілді. Дәл осы министрліктің құрылуы жобаны Парламент пен өзге де мемлекеттік органдар деңгейіне шығаруға мүмкіндік берді, өйткені келісу – өте күрделі процесс. Қазақстанның жаңа Су кодексінде тек ел үшін ғана емес, бүкіл өңір үшін де өзекті, жаңа әрі қызықты нормалар бар. Біз бұл нормалар Орталық Азияның басқа мемлекеттерінің заңнамалық базасында да көрініс табады деп үміттенеміз», – деді сарапшы.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар