Қазақстан су тасқынының салдарымен қалай күресіп жатыр
- авторМағжан Орынбасар
- 18 сәуір, 2024
- 497
Қазақстандағы су тасқыны: қазіргі ахуал қандай?
Қазақстанда бірнеше аптадан бері бірқатар өңірде су тасып, ондаған ауданда төтенше жағдай жарияланды. Су тасқыны ең үлкен қауіп туғызып отырған өңірлер қатарында Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстары бар. Ресейдің Ор қаласында дамбы жарылып, қиындық туғызған. Құлсары қаласында ең күрделі жағдай тіркеліп, адам шығыны тіркелді.
Жылыой ауданында да су тасқыны салдарын жою жұмыстары тәулік бойы жалғасты. Ауданда Жем өзені суының деңгейі көтеріліп, тұрғын үйлер мен ғимараттарды су басқан болатын. Қазіргі уақытта су басқан тұрғын үйлерден су айдау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ресми ақпараттарға сәйкес, су тасқыны басталғалы Жылыой ауданында 731,300 текше метр су сорылған. 245 000 топырақ және 397 000 тонна инертті материал төселген.
Солтүстік Қазақстанда өңір әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов тасқын судың ортасында қалған Прибрежное ауылының тұрғындарымен кездескен. Өңір басшысы қиын сәтте ауыл тұрғындарына қолдау көрсетуді жөн көріп, су тасқынынан зардап шеккендерге мемлекет тарапынан барынша көмек көрсетілетіні туралы айтқан. Азаматтар өздерін толғандырған сұрақты қойып, оларға барынша жауап берілгенін әкімдік хабарлайды. Ауылда әкімдік тұрғындардан келтірілген шығынды өтеу туралы өтініштерді қабылдауды бастайды. Ол үшін эвакуациялау пунктінде Старлинк спутниктік интернеті орнатылды.
Су тасқынының алғашқы күндері тұрғындардың бір бөлігі ауылдан тікұшақпен көшірілген. 28237 әскери бөлімінің жеке құрамы Қызылжар ауданындағы Петропавл қаласының әуежайына бағытталған жолында бөгеттерді күшейту жұмыстарын жалғастырды. Солтүстік Қазақстан облысының Новоишимское ауылында полиция қызметкерлері тұрғындар тастап кеткен үйлерді бақылап жүр. Ғабит Мүсірепов атындағы аудандағы ауылдардан рекорд деңгейіндегі су тасқыны басылған: мұнда 30 адам эвакуацияланған.
"ҚазАвожолдың" мәліметі
"Қазавтожол" республикалық маңызы бар автомобиль жолдарындағы су тасқыны жайлы жаңа ақпаратты таратты. Мекеме мәліметіне қарағанда, 2024 жылдың 18 сәуіріндегі сағат 09:00 жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа-райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан үш облыста (Ақмола, СҚО, Қостанай) 8 жол жүру учаскесінде жалпы ұзындығы 7120 метр болатын су тасқыны болған. Бес облыстағы (Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қостанай, СҚО) республикалық маңызы бар 12 автомобиль жолдарында (ұзындығы 720 км) қозғалысқа шектеу қойылған.
Ұқсас жаңалықтар
Атырауда құтқарушылар саусағы шайбаға кірген балаға көмектесті
- авторМағжан Орынбасар
- 22 желтоқсан, 2024
«Көзіне пышақ кіріп кеткен». Петропавлда үш жасар сәби ауруханаға түскен
- авторМағжан Орынбасар
- 21 желтоқсан, 2024