Елімізде

Қазақстан құтқарушылары жолда қалған 17 шетелдік азаматты аман алып қалды

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, олар Өзбекстан және Тәжікстан азаматтары

Ақтөбе облысындағы  "Қарабұтақ-Комсомол-Қостанай" автожолының 80-шақырымында жолаушылар автобусы бұзылып, ішіндегі 17 адам далада қалған, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, ол адамдардың бәрін жақын маңдағы Т. Жүргенов ауылының мешіті қабылдаған. 

«Жолаушылар автобусында 17 азамат отырған, олар Өзбекстан және Тәжікстан азаматтары. Оларға медициналық көмек қажет болмады», - деп хабарлайды ТЖМ-ның баспасөз қызметі.