
Қазақстан Тәжікстанға жеткізілетін астық көлемін ұлғайтуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Бұл мәселе ведомство басшысы Айдарбек Сапаров пен Тәжікстанның Қазақстандағы елшісі Хайрулло Ибодзода арасындағы кездесуде талқыланды. Әдетте Тәжікстанға жыл сайын шамамен 1 миллион тонна астық жөнелтіледі.
"«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ деректері бойынша 2024 жылдың қорытындысы бойынша Тәжікстанға астық экспортының көлемі 1,3 млн тоннаны құрады, бұл 2023 жылғы көрсеткіштен 20% - ға жоғары. 2024 жылдың қыркүйегі мен 2025 жылдың маусымы аралығында жаңа егіннен 1,2 млн тонна астық экспортталды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен бір жарым есе артық (823 мың тонна)", – делінген хабарламада.
Министр аталған бастамалардың жүзеге асуы сауда-экономикалық байланысты кеңейтуге жол ашатынын және Орталық Азия аймағындағы азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға ықпал ететінін атап өтті.
Бұған дейін Қазақстан бір жыл ішінде астық экспортын 35 пайызға арттырып, осы ауыл шаруашылығы маусымында 7 миллион тонна астықты шетелге шығарғаны хабарланған болатын. Ел негізінен астықты Орталық Азия елдеріне теміржол арқылы жеткізеді.
Алматыда дзюдодан Азия кубогі өтеді
Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда жарты жылда 16 мыңға жуық жол апаты тіркелді
- авторБақытжан Бекболат
- 17 шілде, 2025