Елімізде

Қазақстан Ыстықкөл аймағында бірқатар курорттық нысанды дамытуды қолға алады

Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Мәжіліс 2006 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Үкіметі мен Қырғыз Үкіметі арасындағы Қырғыз Республикасы Ыстықкөл облысының аумағында орналасқан курорттық-рекреациялық шаруашылық объектілеріне Қазақстан Республикасының меншік құқықтарын реттеу туралы келісімді және осы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Құжатта Қазақстанның төрт курорттық-рекреациялық шаруашылық объектісіне меншік құқығы қарастырылған. Оларға шипажай, екі демалыс үйі және спорт-сауықтыру орталығы кіреді.

Қазақстанның осы объектілерді төрт жыл ішінде (2029 жылдың соңына дейін) 3 және 4 жұлдызды қонақ үй деңгейіне жеткізу жөніндегі міндеттемелері көрсетілген.

Келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамада осы міндеттемелерді орындау үшін инвесторларды тарту мүмкіндігі де көзделген.