Елімізде

Қазақстанда 2050 жылға дейін үш АЭС салу жоспарланған

Бұл туралы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі мәлімдеді

Қазақстанда атом саласын дамыту стратегиясына сәйкес 2050 жылға қарай кемінде үш атом электр станциясын іске қосу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Құжатта электр энергиясына деген сұраныстың артуы ескеріліп, қосымша қуат көздерін кезең-кезеңімен енгізу көзделген.

Сонымен қатар шағын модульдік реакторлар негізіндегі жобалар да қарастырылуда.

Мамандардың айтуынша, бұл шаралар энергетика секторын әртараптандыруға мүмкіндік береді.