Елімізде

Қазақстанда 7 халықаралық автомобиль дәлізі қалыптасты - Көлік министрлігі

Бұл туралы Үкімет отырысында Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев мәлім етті.

Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Үкімет отырысында республиканың автожол саласын дамытудың ағымдағы жағдайы мен жоспарлары туралы баяндады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Ол Қазақстанда 95 мың шақырым автомобиль жолдары барын, оның 25 мың шақырымы Көлік министрлігіне қарайтын республикалық маңызы бар жолдар екенін атап өтті. Нормативтік жағдайы 94%-ды құрайды. Ал 70 мың шақырымы облыстық және аудандық жолдар жергілікті органдарға қарайды. Оның нормативтік жағдайы 91%.

Алдағы үш жылдың ішінде жергілікті органдармен бірге өңірлік жолдардың жұмыстарын 5 есе арттыру жоспарлануда. Жұмыстың нәтижесінде 32 мың шақырым өңір жолдарының нормативтік деңгейі 95%-ға дейін жетеді.

Министр бүгінде Қазақстанда 7 автокөлік дәлізі қалыптасқанын айтты. 4 үлкен жобаны аяқталды: «Қалбатау – Майқапшағай», «Талдықорған – Өскемен», «Атырау – Астрахан» және «Қарағанды – Алматы». Бұл жолдардың жалпы ұзындығы 2000 шақырым.

Жекелеген дәліздердің қарқыны мен жұмысының артуын ескере отырып, өз шегінде оларды одан әрі дамыту және жекелеген учаскелерде жаңғырту жоспарлануда.