сейсенбі, 30 желтоқсан, 2025 20:40

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстанда ағаш материалдарын таңбалау жүйесі іске қосылуда

Қазақстанда ағаш материалдарын таңбалау жүйесі іске қосылуда
Pixabay.com
Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Қазіргі таңда Қазақстанда мемлекеттік орман қоры аумағын бақылауда қашықтықтан зондтау технологиялары кеңінен қолданылып келеді. Бұл тәсіл орман ресурстарын қорғаудың тиімді тетігіне айналып, заңсыз ағаш кесу деректерінің айтарлықтай азаюына ықпал етті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Мәселен, 2010 жылы тіркелген 664 заңсыз кесу жағдайы 2015 жылы 522-ге, 2020 жылы 386-ға дейін төмендесе, 2025 жылы бұл көрсеткіш 197 жағдайды құрады.

Дегенмен, қабылданып жатқан шараларға қарамастан, ормандарды заңсыз кесуді түбегейлі жою және ағаш материалдарының көлеңкелі айналымын толық тоқтату мәселесі әлі де өзекті болып отыр. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі ағаш материалдарын электрондық таңбалау бойынша халықаралық тәжірибені жан-жақты зерттеді. Атап айтқанда, бұл бағыттағы Беларусь елінің тәжірибесі назарға алынды. Аталған елде электрондық таңбалау жүйесін енгізу арқылы ағаштың көлеңкелі айналымын толығымен жоюға қол жеткізілген.

Зерттеу нәтижелері негізінде министрлік «Қазақтелеком» АҚ-мен бірлесіп, Қазақстан аумағында ағаш материалдарының айналымын таңбалау және қадағалауға арналған ұлттық жүйені әзірлеу жұмыстарын бастады. Бұл жүйе ағаштың орманда кесілген сәтінен бастап соңғы тұтынушыға жеткенге дейінгі барлық қозғалысын ашық әрі нақты бақылауға мүмкіндік береді.

2025 жылғы 29 желтоқсанда «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты аумағында іске асырылған пилоттық жобаның нәтижелері талқыланды. Жиын барысында қатысушылар ағаш материалдарының қадағалануын қамтамасыз етудің қолданыстағы тетіктерін, оларды жетілдіру жолдарын, сондай-ақ реттеушілік әсерді талдаудың негізгі аспектілерін қарастырды. Нәтижесінде пилоттық жүйені ауқымдау және ағашты электрондық таңбалауды еліміздің бүкіл аумағында кезең-кезеңімен енгізу ұсынылды.

Осылайша, ағаш материалдарын таңбалау мен қадағалаудың ұлттық жүйесін мемлекеттік орман қорының барлық аумағында енгізу орман ресурстарын қорғау ісіндегі маңызды қадам болмақ. 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар