дүйсенбі, 9 ақпан, 2026 14:23

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстанда аяз күшейеді: Синоптиктер ауа райына болжам жасады

Қазақстанда аяз күшейеді: Синоптиктер ауа райына болжам жасады
istockphoto.com
Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде қар жауып, боран соғады

Қазақстан аумағының басым бөлігінде батыс циклоны мен атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты жауын-шашын күтіледі, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Синоптиктердің мәліметінше, 10–11 ақпанда солтүстікте, солтүстік-батыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста және орталықта, 11 ақпанда шығыста қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады. Республика бойынша көктайғақ, боран, желдің күшеюі күтіледі.

Тек кезең соңында батыс антициклоны сілемінің ықпалымен жауын-шашынның тоқтауы және ауа температурасының төмендеуі күтіледі. Атап айтқанда, солтүстікте, солтүстік-батыста және орталықта түнде ауа температурасы 22–30 градус аязға дейін, күндіз 15–20 градус аязға дейін төмендейді. Шығыста түнде 13–23 градус аяз, күндіз 12–20 градус аяз болады. Оңтүстікте түнде 10–20 градус аяз, күндіз 5 градус аяздан 5 градус жылуға дейін күтіледі.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар