Елімізде

Қазақстанда бір аймақтан екіншісіне көшетіндерге қандай көмек беріледі

Қазақстанда бір аймақтан екіншісіне көшетіндерге қандай көмек беріледі

Қазақстанда ішкі көші-қонды ынталандырудың жаңа шаралары енгізіледі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің көші-қон саясатының тиімділігін арттыру бойынша жаңа шаралар пакеті ұсынылды. Оларды іске асыру мақсатында көші-қон саясатының алдағы 5 жылға арналған жаңа тұжырымдамасы шеңберінде ішкі көші-қонды ынталандыруға бағытталған бірқатар шаралар көзделіп отыр. Мемлекет басшысының ішкі көші-қон саясатын қайта қарау жөніндегі тапсырмасын орындау үшін жаңа тұжырымдама шеңберінде елдің басқа облыстарында негізделген трансферт және қолданыстағы бизнес-жобаларды кеңейту арқылы жұмыс орындарын құра отырып, азаматтардың солтүстік және орталық өңірлерге реттелетін қоныс аударуын ұйымдастыру тетігі көзделетін болады. Осы бағыт шеңберінде: - әрбір қабылдаушы облыста жер ресурстарымен, инженерлік, көлік-логистикалық және әлеуметтік инфрақұрылымдармен қамтамасыз етуді ескере отырып, қоныс аударуды ынталандырудың арнайы өңірлік бағдарламасын әзірлеу көзделеді. Сондай-ақ бағдарламаларда жұмыс күшінің тапшылығын сезінетін экономиканың басым секторлары айқындалады; - жұмыс орындарын құру бойынша барынша әлеуеті бар тиісті бизнес-идеялар конкурсы арқылы солтүстік және орталық өңірлер үшін 100 бизнес-жобаның кейсін қалыптастыру мәселесі пысықталуда; - Жамбыл облысының оң тәжірибесін ескере отырып, орталық және солтүстік өңірлерде өндіріске және техникамен қамтамасыз етуге жеңілдетілген кредит арқылы ауыл шаруашылығы кооперацияларын құру және кеңейту көзделеді; - жұмыс беруші жұмысқа орналасу фактісін растаған жағдайда, қоныс аударушылар үшін жаңа жердегі тұрғын үй құнының 50% мөлшерінде (берілетін тұрғын үйдің орнына) қаржылық көмек алу құқығын куәландыратын ұтқырлық сертификаттарын енгізу жоспарланған. Бұл сома тұрғын үй салуға немесе сатып алуға, сондай-ақ Отбасы банкіне бастапқы жарнаны енгізуге бағытталуы мүмкін. Дереккөз: http://inform.kz