Қазақстанда COVID-19 жұқтыру жағдайлары айтарлықтай азайды
Қазақстанда COVID-19 жұқтыру жағдайлары айтарлықтай азайды
Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырудың 6 314 жағдайы тіркелді. Бұған дейінгі тәулікте 6725 адамнан коронавирус анықталса, оның алдында 7 117 адамнан коронавирус анықталған еді. "Қазақстанда ПТР-тестінің оң нәтижесі бар коронавирус бойынша 2021 жылғы 22 тамыздағы эпидемиологиялық жағдай туралы: Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырудың 6 314 жағдайы тіркелді. Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 743 220 жетті", - делінген хабарламада. Оның ішінде:
- Нұр-Сұлтан қаласында - 650,
- Алматы қаласында - 1615,
- Шымкент қаласында - 147,
- Ақмола облысында - 278,
- Ақтөбе облысында - 382,
- Алматы облысында - 408,
- Атырау облысында - 310,
- Шығыс Қазақстан облысында - 158,
- Жамбыл облысында - 191,
- Батыс Қазақстан облысында - 93,
- Қарағанды облысында - 913,
- Қостанай облысында - 291,
- Қызылорда облысында - 124,
- Маңғыстау облысында - 219,
- Павлодар облысында - 320,
- Солтүстік Қазақстан облысында - 159,
- Түркістан облысында - 56.