Елімізде

Қазақстанда кадеттер небары 8 мың теңге, ал курcанттар 21 мың теңге шәкіртақы алады

Қорғаныс министрлігі курстанттар мен кадеттер тегін тамақ және тегін формамен қамтамасыз етілетінін айтып отыр

Қазір әскери оқу орындарында білім алып жүрген кадеттердің шәкіртақысы 8 128 теңге болса, ең жоғарғы курстағы курсанттар 21 мың теңге шәкіртақы алады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен «Еліміздегі әскери жоғары оқу орындарына түсу тәртібі» тақырыбындағы брифингте jambylinfo.kz тілшісінің сұрағына жауап бере келе полковник Амангелді Тоғысов мәлім етті.

Ал, курстанттардың шәкіртақысы азаматтық жоғарғы оқу орындарындағы студенттердің шәкіртақысынан неге аз деген сұрағымызға жауап берген Тоғысов оларға мемлекет тарапынан тегін тамақ және тегін форма берілетінін алға тартты.

«Ол (шәкіртақыны көбейту – ред.) жоспарланған. Болашақта болады», - деп қысқа қайырды ол.