Қазақстанда несие беру ережелері өзгереді: нені білу керек
- авторБақытжан Бекболат
- 15 қыркүйек, 2025
- 821
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі тиісті қаулы жобасын қоғамдық талқылауға шығарды. Ол екінші деңгейлі банктер мен шетелдік банктердің филиалдарына қатысты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Ұсынылған өзгерістер:
Қарыз жүктемесінің коэффициенті (ҚЖК) 0,25 деңгейімен шектеледі. Бұл талап соңғы 12 айда 90 күннен астам мерзімге кешіктірілген несиесі бар қарыз алушыларға қолданылады. Яғни жаңа несие қарыз алушының айсайынғы табысының 25%-ынан аспаса ғана беріледі.
Кепілсіз тұтынушылық несие берілмейді, егер қарыз алушыда:
банктік несие бойынша 30 күннен астам кешіктірім болса;
микрокредит бойынша бір күндік те кешіктірім тіркелсе;
соңғы 3 жылда толық кешірілген қарыз болса;
«тиімсіз қайта құрылымдау» жағдайы орын алса (шарт қайта қаралғаннан кейін де қарызды төлеу мерзімі бұзылып, берешек азаймаған жағдайда).
Агенттік бұл шаралар азаматтардың шамадан тыс қарыз жүктемесіне түспеуін және тұтынушылық несиелендіру қарқынын төмендетуді көздейтінін мәлімдеді. Қарастырылған шектеулер тек бұрын қарыз өтеуде қиындық көргендерге қатысты, ал өз міндеттемесін уақытында орындап жүргендер үшін талаптар өзгеріссіз қалады.
Қазіргі таңда банктер мен микроқаржы ұйымдарында қазақстандықтардың 800 мыңнан астам проблемалық несиесі бар екені белгілі.






