Елімізде

Қазақстанда құтқарушылар тұрғын үй төлемдерін ала бастайды

Қазақстанда азаматтық қорғау органдарының лауазымдары тұрғын үй төлемін алуға құқылы қызметкерлер тізбесі бекітілді.

ТЖМ қызметкерлері енді әскери қызметшілермен бірдей тұрғын үй төлемдерін алуға мүмкіндік алады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Бүгіннен бастап министрлік тұрғын үйге мұқтаж қызметкерлерді анықтау және төлемдерді тағайындау жұмыстарын бастады.