Елімізде

Қазақстанда тәңіршілдік орталығының филиалы ашылды

Ол Бурятиядан шыққан

Қазақстанда Бурятиядан шыққан «Тэнгэри» шаман орталығының филиалы пайда болды. Бұл туралы «Буряад унэн» басылымы жазды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Тәңіршілдік - Еуразия далалары мен Орталық Азияның түркі-моңғол көшпенділерінің және олардың ықпалына ұшыраған халықтардың Тәңірге табынатын ортағасырлық этникалық діни түсініктердің бірі.

Басылым Қазақстанда тәңіршілдік белсенді түрде жанданып, дамып келе жатқанын жазды. Сонымен қатар, еліміздің көптеген белгілі әдет-ғұрыптарының шамандық немесе тәңіршілдікке жақын деп атап өткен.