Елімізде

Қазақстанда қылмыс істеген педофил Ресейде қолға түсті

Ол көрші елдің Новосибирск қаласына жасырынған

Қазақстан Ішкі істер министрлігі Интерполының сұрауы бойынша елімізде қылмыс жасаған педофил Ресейде қолға түскен, деп хабарлайды jambylinfo.kz. 

"Новосибирск қаласында Қазақстан ІІМ Интерполының сұрауы бойынша кәмелетке толмаған адаммен жыныстық қатынасқа түсіп, сексуалдық сипаттағы әрекеттер жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген 25 жастағы ер адам ұсталды", - деп жазады Polisia.kz. 

Қазіргі уақытта ол қамауда. Оны Қазақстанға экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр.