жұма, 5 желтоқсан, 2025 17:11

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстанда зейнетақы жарналарын есептеу мен төлеудің тәртібі жаңарды

Қазақстанда зейнетақы жарналарын есептеу мен төлеудің тәртібі жаңарды
Pixabay.com
Бұл ретте Салық кодексінде көрсетілген кірістер ескеріледі, бірақ салықтан босатылған төлемдер есепке алынбайды.

Қазақстан Үкіметі міндетті және кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу мен төлеудің жаңартылған тәртібін бекітті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Жаңа ережелерге сай, енді кәсіптік зейнетақы жарналары қызметкердің ай сайын алатын барлық табыс түрлерінен ұсталады. Бұл ретте Салық кодексінде көрсетілген кірістер ескеріледі, бірақ салықтан босатылған төлемдер есепке алынбайды.

Жаңашылдықтар жеке кәсіпкерлерге, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға және интернет арқылы табыс табатын тұлғаларға да қолданылады. Енді олар Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (БЖЗҚ) жарналарды есепті айдан кейінгі айдың 25-іне дейін аударып отыруға тиіс.

Сонымен қатар, жарна бойынша берешегі бар тұлғаларға бақылау күшейтіледі. Егер міндетті немесе кәсіптік зейнетақы жарналарының қарызы алты айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) асып кетсе, салық органдары бес жұмыс күні ішінде ескерту жібереді. Қарыз сол мерзімде өтелмеген жағдайда, он жұмыс күнінен кейін борышкердің банктегі шоттары мен қолма-қол операциялары уақытша тоқтатылады.

Зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтін қызметкерлерге қатысты бұрынғы тәртіп сақталады: олардың зейнетақы жарналарын жұмыс беруші өз қаражаты есебінен ай сайын аударып отыруы қажет.

Бұл өзгерістер азаматтардың зейнетақы жинақтарының тұрақты толығып отыруын және әлеуметтік тұрғыдан қорғалу деңгейін арттыруға бағытталған.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар