Елімізде

Қазақстанда жер сілкінісі тіркелді

Жер сілкінісі Шығыс Қазақстан облысы аумағында тіркелген

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2025 жылғы 23 шілде күні Қазақстан аумағында жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Сейсмикалық жағдайды «Сейсмологиялық зерттеу институты» ЖШС-нің сейсмикалық стансалар желісі анықтаған.

Жер сілкінісі Шығыс Қазақстан облысы аумағында тіркелген. Қазіргі уақытта дүмпудің нақтыланған параметрлері, магнитудасы мен тереңдігі анықталуда. Сондай-ақ жер сілкінісінің тұрғындар арасында сезілген-сезілмегені туралы мәліметтер де нақтылану үстінде.

Министрлік жағдайды бақылауда ұстап отыр. Қосымша ақпарат ресми деректер нақтыланған соң беріледі.