Елімізде

Қазақстанда жергілікті жолдардың нормативтік жағдайы 91%-ға жетті

Осы жұмыс аясында бірқатар шаралар мен ірі инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылды.

2025 жылы көлік саласының негізгі көрсеткіштері тұрақты өсуді көрсетеді. Бұл туралы Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында ҚР көлік министрі Нұрлан Сауранбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Ол елдің транзиттік әлеуеті мен логистикалық мүмкіндіктері кеңейіп, қызмет көрсету сапасы артып келе жатқанын атап өтті. Осы жұмыс аясында бірқатар шаралар мен ірі инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылды.

Биыл «Қалбатау – Майқапшағай», «Ұзынағаш – Отар» және «Қызылорда – Жезқазған» жобалары аяқталатыны атап өтілді. Орташа жөндеу жұмыстары шеңберінде Жезқазған – Петропавл және Қарағанды – Қарқаралы республикалық жолдарында жөндеу жұмыстары аяқталды.