Қазақстанда жол қозғалысын автоматты бақылау жүйесі күшейтілуде
Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдеді
Қазақстанда жол-қозғалысы ережесін бұзуды автоматты түрде анықтайтын бақылау жүйелерінің желісі кеңейіп келеді. Бұл туралы Үкімет отырысында ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Оның айтуынша, қалаларда автоматты түрде бақылау жасайтын 25 мыңнан астам камера орнатылған. Олар ЖҚЕ-ні бұзу деректерінің 70%-дан астамын тіркейді. Қала сыртындағы трассаларда патруль жасайтын автокөліктер автоматты тіркеу кешендерімен жабдықталуда.
Орташа жылдамдықты бақылау шараларымен жалпы ұзындығы 1,9 мың шақырым болатын 8 автомобиль жолы қамтылған, нәтижесінде ЖКО-да қаза тапқандар саны 11%-ға азайды. Жалпы ұзындығы 1 мың шақырымнан асатын тағы 10 учаскеге орташа жылдамдықты бақылау енгізу жоспарлануда.