Қазақстандық бітімгерлер Голан жоталарынан елге оралды
- авторБақытжан Бекболат
- 20 сәуір, 2025
- 258

Біріккен Ұлттар Ұйымының миссиясы аясында Голан жоталарында қызмет еткен алғашқы бітімгерлік контингенттің құрамындағы соңғы 38 әскери қызметші Астанаға келді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Олар Фауардағы бітімгерлік базасында екінші ұлттық контингенттің командалық құрамына қызметті тапсыру үшін біраз уақыт қалған болатын.
Астанадағы әскери авиациялық базаға келген сарбаздарды салтанатты түрде қарсы алды. Оларға Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары, генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев алғыс айтып, бейбітшілік пен халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға қосқан үлестері үшін ризашылығын білдірді.
Бір жыл бойы қазақстандық бітімгерлер БҰҰ мандатына сәйкес қарсыласушы тараптар арасындағы атысты тоқтату режимін сақтауға атсалысты. Осы уақыт аралығында олар өздерінің жауапкершілік аймағында 600-ден астам тапсырманы орындады.