жұма, 16 қаңтар, 2026 13:46

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстандық әскери спортшы Азия чемпионатында топ жарды

Қазақстандық әскери спортшы Азия чемпионатында топ жарды
gov.kz
Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Қорғаныс министрлігі Армия орталық спорт клубының спортшысы қатардағы жауынгер Қадырбек Шынбаев 70 келіден аса салмақ дәрежесінде ересектер арасында аралас жекпе-жектен өткен Азия чемпионатының алтын медалін жеңіп алды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Қытай Халық Республикасының Сычуань провинциясы, Лучжоу қаласында өткен дүбірлі додаға 19 елден 200-ге жуық спортшы қатысты.

Қадырбек бұл сында Моңғолия, Қытай, Қырғызстан және Тәжікстан спортшыларын сенімді түрде жеңді.

– Қарсыластарым мықты болды. Тәжірибелері де жеткілкті. Әр жекпе-жек ерік-жігер мен күш-қуатты талап етті. Әйтсе де, жеңіс тұғырынан көрініп, көк байрағымызды желбірету үлкен абырой болды, – деді чемпион.

Қадырбек Шынбаевтың халықаралық арендағы бұл жетістігі әскери спорттың жоғары әлеуетін тағы бір дәлелдеді. Турнир алдағы Азия ойындарына іріктеу кезеңі болып саналатынын да айта кету керек. Ал жарыстар бағдарламасына ММА алғаш рет енгізіліп отыр.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар