Елімізде

Қазақстандық тағы бір әуе компания мерекеге орай қосымша рейстерін іске қосады

Бұл туралы ҚР Көлік министрлігі мәлімдеді

Наурыздағы мерекелерге орай QAZAQ AIR әуе компаниясы қосымша рейстерді іске қосады,- деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Аталған шара жолаушылар тарапынан жоғары сұранысты қанағаттандыруға мүмкіндік береді

2025 жылғы 16-23 наурыз аралығында келесі бағыттар бойынша 10 қосымша рейс орындалады:

Астана — Шымкент: 4 қосымша рейс

Астана — Алматы: 2 қосымша рейс

Астана — Түркістан: 4 қосымша рейс

Сонымен қатар 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай Scat әуе компаниясы барлық тұрақты рейстердің әуебилеттеріне 10% жеңілдік береді. Әуе компанияның ақпаратына сәйкес бұл акция 5 наурыздан 7 наурызға дейін созылады.