Елімізде

Қазақстандықтар нотариаттық кеңесті онлайн ала алады

Бұл үшін тек қолда смартфон болса жеткілікті

«Онлайн нотариаттық кеңес беру» қызметі арқылы енді қазақстандықтар үйден шықпай-ақ шаруасын тындырады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Аталған қызметті Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Республикалық нотариаттық палатамен бірлесіп жасаған. Енді нотариаттық кеңес алу үшін қазақстандықтарға тек смартфон және интернетке қолжетімділіктің болуы жеткілікті.

Онлайн-кеңес беру арқылы азаматтар үйлерінен немесе кеңселерінен шықпай-ақ, нотариаттық іс-әрекетке қатысты құқықтық сұрақтарына жауап ала алады.

Қазірдің өзінде бұл қызметті талай отандас қолданып жүр. Келісім, сенімхат дегендерді деп арасында жасап алуға мүмкіндік бар. Бос отырған бір нотариус онлайнға шыққанда шаруаны түсіндіріп, есеп айырысасың,  5 минутта pdf форматта Еговта анықтама шығып тұрады.  Келісім 5000 теңге, сенімхат 4000 теңге көлемінде жасалады.