жұма, 22 қараша, 2024 19:30

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстанның қай өңірлерінде карантин күшейтілді?

Қазақстанның қай өңірлерінде карантин күшейтілді?
ашық дереккөзі
Қазақстанның қай өңірлерінде карантин күшейтілді?

Қазақстанның кей аймағында коронавирус жұқтырғандар саны артып жатыр. Соған байланысты бұл аймақтарда сақтық шарасында карантин күшейтілді.

Нұр-Сұлтан

Таяуда Нұр-Сұлтанның бас санитар дәрігерінің 13 қазандағы карантинді қатаңдату туралы қаулысы жарияланды. Карантин 14 қазаннан бастап күшіне енді.

Аймақтың бас манитар дәрігерінің ақулысы бойынша, жергілікті атқарушы органдар мен олардың квазимемлекеттік секторы қызметкерлерінің кем дегенде 60 пайызы қашықтан жұмыс істеуге ауысады. Жабық бөлмелерде адамдар көп болатын жеке ұйымдар да жұмысшыларды қашықтағы жұмыс режиміне ауыстыруы керек.

Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Фото Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

<p style=Атырау облысы бас санитар дәрігері Асылбек Шаровтың айтуынша, шектеу шараларын күшейтуге кейінгі бір аптада өңірде коронавирус жұқтырғандардың көбеюі себеп болған.

Ал бүгін Атырау облысында карантин шаралары жеңілдетілді. Асылбек Шаров кейбір нысанның жұмыс істеуіне рұқсат етті.

"Күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық нормаларды сақтай отырып, алдын ала жазылу бойынша сағат 09.00-ден 22.00-ге дейін жалпы сыйымдылығы 30 пайыздан аспайтын, бірақ 50 пайыздан аспайтын бассейндердің қызметіне рұқсат берілсін. Сондай-ақ сағат 22.00-ге дейін жаттығу залдары, фитнес орталықтары, спорт секциялары, спорт-сауықтыру орталықтарының қызметіне рұқсат етілсін", - делінген қаулыда.

Tengrinews.kz
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар