Елімізде

Қазақстанның үш қаласындағы тұрғындарға ескерту жарияланды

Бүгін еліміздегі үш шаһарда ауа ластанады

«Қазгидромет» қызметі Алматы, Атырау және Ақтөбе қаласының тұрғындарына ескерту жариялады, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Дереккөзіне сүйенсек, бүгін осы үш қаланың ауа ластанады.

"2024 жылғы 10 мамырда Алматы, Атырау және Ақтөбе қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауа ластанады. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді", - деп хабарлады Қазгидромет.

Бұл қолайсыз метеорологиялық жағдайда елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.