Қазан айында шаруаларға жеңілдікпен несие беретін бағдарлама іске қосылады
- авторБақытжан Бекболат
- 26 қыркүйек, 2025
- 628
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен қаржы институттарының алдына көктемгі егіс жұмыстарын уақытында қолға алу туралы міндет қойған болатын.
Осы тапсырманы орындау аясында және қолдау шараларын жетілдіру мақсатында «Кең дала 2026» бағдарламасына өтінімдер 2025 жылдың 1 қазанынан бастап қабылданады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Бағдарламаның негізгі мақсаты – ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін алдын ала қаржыландыру. Бұл шаруаларға жаңа маусымға ерте қамданып, жанар-жағармайды тиімді бағамен алуына, тыңайтқыш сатып алуына, техникаларын жөндеп, тұқым қорын жасақтауына мүмкіндік береді. Осындай ерте қолдау егіс жұмыстарының табысты өтуіне шешуші фактор саналады.
Ерте қаржыландыру жүйесі алғаш рет 2024 жылдың қараша айында іске қосылып, қысқа мерзімде үлкен сұранысқа ие болды.
Бағдарлама аясында:
жылдық 5% жеңілдетілген мөлшерлемемен несие ұсынылады;
қажет болған жағдайда қарыз сомасының 85%-ына дейін «Даму» қорының кепілдігі беріледі.
Қаржыландыру «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның өңірлік филиалдары және серіктес қаржы институттары арқылы жүзеге асырылады.
Соңғы жылдары қолдау көлемі айтарлықтай өсіп келеді. Мысалы, 2022 жылы бағдарламаға 140 млрд теңге бөлінсе, биыл бұл көрсеткіш 700 млрд теңгеге жетіп отыр. Оның ішінде 500 млрд теңгеден астамы шаруалардың қажеттілігіне игерілді.
«Кең дала 2» бағдарламасына қатысу үшін өтінімдер «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның аймақтық филиалдарында қабылданады.
Толық ақпарат:
сайт: Agrocredit.kz
Call-орталық: 5353 (Kcell, Activ, Beeline)
WhatsApp/телефон: +7 701 006 19 91 (Tele2, Altel)






