Елімізде

Қазанның басында оңтүстікте қар, тұман, көктайғақ күтіледі

Бұл туралы "Қазгидромет" РМК мамандары мәлімдеді

Алдағы күндері Қазақстан аумағында ауа райы күрт өзгереді. «Қазгидромет» мамандарының мәліметінше, елге суық антициклон келіп, бірнеше өңірде жаңбыр соңы қарға ұласуы мүмкін, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Синоптиктердің айтуынша, күздің шуақты күндері аяқталып, солтүстікте қыстың алғашқы нышаны сезіле бастады. Кей аймақтарда сынап бағаны нөлден төмен түсіп, жауын-шашын аралас қар жауды.

Енді суық ауа райы оңтүстікке қарай ойысып келеді. 1 қазанда Жамбыл, Алматы және Жетісу облыстарында, ал 2 қазанға қараған түні Түркістан облысында жаңбырдың қарға ұласуы күтіледі.

Температура болжамы:

Батыс өңірлерде түнде +3…+8 °C, күндіз +13…+22 °C.

Оңтүстік-батыста түнде +7…+12 °C, күндіз +18…+23 °C.

Солтүстік пен солтүстік-батыста түнде 0…–6 °C аяз, күндіз +3…+10 °C.

Орталықта түнде +2…+7 °C, күндіз +7…+18 °C.

Шығыста түнде +7…+15 °C, күндіз +20…+25 °C, ал өңірдің солтүстігінде +10…+15 °C шамасында.

Оңтүстікте түнде +5…+13 °C, күндіз +15…+28 °C.

Оңтүстік-шығыста түнде +10…+15 °C, таулы аймақтарда 0…+5 °C, күндіз +23…+30 °C, таулы өңірлерде +15…+20 °C.

Синоптиктер алдағы күндері ауа райының тұрақсыз болатынын ескертеді. Жауын-шашын, суық жел мен түнгі салқын ауа тұрғындардың күнделікті тіршілігіне әсер етуі мүмкін.