«ҚазАвтоЖол» елдегі жолдардың қазіргі ахуалы туралы мәлімдеді
- авторМағжан Орынбасар
- Бүгін, 11:06
- 9
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы елдегі жолдардың қазіргі ахуалы туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлады Jambylinfo.kz
Ұлттық компанияның мәліметінше, ауа райының қолайсыздығына байланысты бірнеше өңірдегі автожолдарда көліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектелді:
Абай облысы
• «ҚХР шекарасы – Майқапшағай – Зайсан – Қалбатау – Семей – Павлодар – РФ шекарасы» автожолының 910-1002-шақырым аралығы (Қалбатау ауылы – Көкпекті ауылы);
• «Өскемен – Семей» автожолының 103-198-шақырым аралығы (Шығыс Қазақстан облысының шекарасы – Семей қаласы).
Ақтөбе облысы
• «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 776-836-шақырым аралығы (ECO Oil ЖҚС – Хромтау қаласы).
Атырау облысы
• «Ақтөбе – Атырау – РФ шекарасы» автожолы, 621-841-шақырым (Атырау қаласы – Құрманғазы ауылы).
Шығыс Қазақстан облысында тіркемесі бар және жартылай тіркемелі жүк көліктерінің қозғалысы Осинов асуында уақытша шектелді. Шектеу «Өскемен – Алтай – Катонқарағай – Рахман қайнары» авто жолының 46-66-шақырымындағы (Северное ауылы – Серебрянск қаласы) учаскесінде қыс аяқталғанша сақталады.
Сонымен бірге «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолындағы жолайрықтың көпір құрылымының шеткі арқалықтары зақымдануына байланысты «Қалқаман» жолайрығы учаскесі жабылды. Атап айтқанда, Қалқаман елді мекеніне кіреберіс пен Астана бағытына шығатын жол уақытша жабық.






