Елімізде

"ҚазАвтоЖол" көлік тізгіндеген жандарға ескерту жасады

Қазақстанның бірқатар өңірлерінде қар мен боран күтіледі.

2026 жылғы 5 наурызда Қазақстанның бірнеше облысында ауа райының күрт бұзылуы болжанып отыр, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

"ҚазАвтоЖол" мәліметінше, Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Абай, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Түркістан, Павлодар және Ұлытау облыстарының кей жерлерінде қар жауып, боран соғуы мүмкін.

Мамандардың айтуынша, қолайсыз ауа райы жол қозғалысына айтарлықтай әсер етуі ықтимал.