Елімізде
Қазгидромет: демалыс күндері ауа райы күрт өзгереді
- авторБақытжан Бекболат
- 25 қазан, 2025
- 816
Ашық әрі құрғақ күндерден кейін алдағы демалыс күндері Қазақстан аумағына атмосфералық фронттар ығыса бастайды.
Синоптиктердің мәліметінше, соның әсерінен республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауып, түнгі уақытта кей өңірлерде жауын қарға ұласуы мүмкін, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Сондай-ақ, желдің күшеюі күтіледі. Түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман түсіп, жолдағы көріну қашықтығы төмендейді.
Айтарлықтай суыту болжанбайды. Дегенмен, еліміздің солтүстік өңірлерінде қысқа мерзімді салқындау күтіледі: түнде ауа температурасы 3–8 градус аязға дейін төмендеп, күндіз 3–8 градус жылы шамасында болады.
Мамандар тұрғындарға ауа райының құбылуына байланысты сақтық шараларын сақтауға кеңес береді.
Ұқсас жаңалықтар
Елімізде
Түркістанда әкесін аяусыз ұрып-соққан ер адам бес жылға сотталды
- авторБақытжан Бекболат
- 16 қаңтар, 2026
Елімізде
Алматыда Инфекциялық аурулардың ұлттық ғылыми орталығы ашылды
- авторБақытжан Бекболат
- 16 қаңтар, 2026






