Елімізде
Бүгін «Қайрат» — «Реал Мадрид» матчының билеттері сатылымға шығады
- авторБақытжан Бекболат
- 23 қыркүйек, 2025
- 398
УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңі аясындағы ойын 30 қыркүйек күні Орталық стадионда өтеді.
23 қыркүйек күні сағат 17:00-де «Қайрат» пен «Реал Мадрид» арасындағы көптен күткен ойынға билеттер сатыла бастайды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Бағалар:
Батыс трибуна (1–9 сектор, 1–2 қатар) — 30 000 тг
Солтүстік / Оңтүстік трибуналар — 75 000 тг
Шығыс трибуна — 150 000 тг
Батыс трибуна (орталық) — 250 000 тг
Бір адам тек екі билетке дейін ғана сатып ала алады. Жеке куәлік немесе төлқұжат деректері сатып алу кезінде де, стадионға кіргенде де тексеріледі.
Билеттерді Ticketon, FCKAIRAT.COM және Qairat Superapp арқылы рәсімдеуге болады.






