Бүгін доллар 4,5 теңгеге арзандады
Елорданың ақша айырбастау орындарында доллар 512,65 теңгеден сатып алынады
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы арзандады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 4,5 теңгеге арзандап, 514,31 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы — 519,61 теңге.
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 515,32 теңгеден сатып алынады, 517,50 теңгеден сатылады. Еуро 602,19 — 607,57 теңге, ал рубль 6,39 — 6,52 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 72,94 теңгеден сатып алынады, 75,63 теңгеден сатылады.
Елорданың ақша айырбастау орындарында:
— доллар 512,65 теңгеден сатып алынады, 519,63 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 597,60 теңге, сату — 608 теңге;
— рубль: сатып алу — 6,38 теңге, сату — 6,53 теңге.
— юань: сатып алу — 72,97 теңге, сату — 77,10 теңге.