Елімізде
Бүгін еліміздегі екі қалада ауа сапасы төмендейді
- авторМағжан Орынбасар
- 13 қаңтар, 2026
- 230
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал
Синоптиктердің болжауынша, бүгін екі қалада ауа сапасы төмендейді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
— 2026 жылғы 13 қаңтарда Алматы қаласында, түнде Қостанай қаласында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі, — делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Ұқсас жаңалықтар
Елімізде
Зейнеткерлерге пойыз билеттеріне 25 пайыз жеңілдік берілді
- авторБақытжан Бекболат
- 2 ақпан, 2026






