Елімізде

Бүгін еліміздегі екі қалада ауа сапасы төмендейді

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал

Синоптиктердің болжауынша, бүгін екі қалада ауа сапасы төмендейді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
— 2026 жылғы 13 қаңтарда Алматы қаласында, түнде Қостанай қаласында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі, — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.