дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 11:34

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Тараздық дәрігерлер науқастан салмағы 15 кг болатын миоманы алып тастады

Тараздық дәрігерлер науқастан салмағы 15 кг болатын миоманы алып тастады
Фото: Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасы
50 жастағы науқас өзінің миомасы туралы үш жыл бұрын білген

Алайда ол  дәрігерге барудан қорқып, жағдайды ушықтырып алған. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, науқас ота жасатуға кеш келсе де, Тараз қалалық көпбейінді ауруханасының дәрігерлері одан 15 кг миоманы сәтті алып тастаған деп хабарлайды  Jambylinfo.kz.

50 жастағы пациент өзінің миомасы туралы үш жыл бұрын білген, бірақ дәрігерге барудан қорқатын. Нәтижесінде оның жағдайы нашарлап, ол Тараз қалалық көпбейінді ауруханасына және 15 кг миома диагнозы қойылған консультациялық-диагностикалық орталыққа жүгінді.

Гинекология бөлімшесінің тәжірибелі хирургтары Рымкеш Қошқарова мен Жәмила Мұсаева үлкен миоманы алып тастау операциясын шебер орындады. Миома алынғаннан кейін әйелдің жағдайы айтарлықтай жақсарды. Көзіне жас алып, ол дәрігерлерге оны азаптаған аурудан құтылғаны үшін алғыс айтты және бұрын медициналық көмекке жүгінбегеніне өкініш білдірді. Қазіргі уақытта емделуші Тараз қалалық көпбейінді ауруханасының  гинекология бөлімшесінде ем алып жатыр. Өз кезегінде науқас өмірін сақтап қалған дәрігерлерге алғысын білдірді:

«Миома туралы осыдан үш жыл бұрын білдім.  Домалақ ісік пайда болды, алғашқыда ол өте кішкентай еді, кейіннен үлкейе түсті. Жүрегімді тексертуге барғанда дәрігерлер маған миоманы тексеру керек екенін айтқан. Бірақ, ол кезде ол ісік маған кедергі келтірмегендіктен мән бермедім.  УДЗ жасағанда менде ісік бар екенін айтып, ауруханадан шыққан соң қажетті маманға баруым керек екенін ескерткен. Бірақ ол кезде де мен дәрігерге бармадым. Оның себебі, мен кішкентай күнімнен дәрігерге барудан қорқатынмын.рас, шынында дәргерлерге көрінуге қатты жүрексіндім. Оның үс тіне әйел болған соң үй тіршілігі, күнделікті жұмыс деп жүріп ұзақ уақытқа созып жібердім. Ал, ішімнің өсіп жатқанын салмақ қосып, толып бара жатқан соң осылай болып жатыр деп ойладым. Артынша етеккірім кеткен соң қан кету басталды, тек сол кезде ғана мен дәрігердің көмегіне жүгіндім. Маған МРТ жасаған соң өте үлкен көлемдегі миома бар екенін және оны шұғыл түрде отамен алып тастау керек екенін айтты. Сол уақытта менің жағдайым қиындай түсіп, қан қысымым көтерілді. Менің өмірімді сақтап қалған дәрігерлерге шексіз алғысымды білдіремін,- дейді емделуші.

Ал гинекологтар қазіргі уақытта жатыр миомасы өте кең таралған ауру түрі екенін атап өтіп, нәзік жандарға өз денсаулығына бей-жай қарамауға шақырып, ақыл-кеңесін айтты.

«Әйел адам өз денсаулығына алаңдамауы үшін және пайда болған ауруды дер кезінде анықтап, емдеу үшін гинеколог дәрігерге жиі қаралып тұруы қажет. Себебі, көп ауру жағымсыз әсер тудырмай, еш белгісіз басталады. Мұндай үлкен миомалар өте сирек кездесетінін айта кеткен жөн. Операциядан кейін миома гистологиялық зерттеуге жіберіледі. Жатыр миомасы - жатырдың бұлшықет қабатында пайда болатын және репродуктивтік жастағы әйелдерде жиі кездесетін қатерсіз ісік. Статистикаға сәйкес, әйелдердің 40%-ы осы аурудан зардап шегеді»,-деді ақ желеңді абзал жандар.

Сонымен қатар, дәрігерлердің айтуынша, жатыр миомасының дамуы тек гормоналды теңгерімсіздікпен шектелмейді. Кейде жатырдағы эстроген деңгейі жоғарылауы мүмкін, бірақ бұл қан талдауынан әрдайым көріне бермейді. Миоманың пайда болуына қалқанша без, бүйрек үсті безі, гипоталамус-гипофиз жүйесі және аналық без аурулары да әсер етеді. Сондықтан алдымен гормоналды өзгерістерді, содан кейін аталған ағзаларды тексеру маңызды.

Бұл кешенді зерттеулер тиісті емдеу әдістерін таңдауға мүмкіндік береді. Осы ретте, жатыр миомасын қалай емдеуге боалды деген заңды сауал туындайды

Дәрігерлер 35 пен 50 жас аралығыендағы әйелдердің 30 пайызы жуығы тасмалдаушылары болып саналады. Жатырдыі қабырғаларында пайда болатын қатерсіз өскінділер. Көптеген жағдайларда  миомалар анықтау үшін тым кішкентай және ешқандай белгілері тудырмайды, мүлде сезілмейді, ауырсыну белгілері де мүлдем болмайды. Дегенімен, миомалардың айталықтай өсуі жағдайында әртүрлі белгілері пайда болып, науқасты мазалап, жанына бата бастайды. Демек, миомалар өскен сайын науқаста ауырсыну жиілейді. Мұндай жағдайда науқас өзін жайсыз сезініп,  қиналады. Сол себепті, уақыт жоғалтпайғ ештеңе қарамастан бірден жедел-жәрдем шақырып, гинекологтардың көмегіне жүгінгені азбал. Миоманы емдеудің медициналық әдістері жиі жағымсыз жанама әсерлерге ие болғандықтан, көптеген әйелдер миоманы емдеудің табиғи әдісін таңдап жатады. Бұл өсінділер  және олардан құтылудың ықтимал жолдары туралы көбірек білу үшін маңызды қадам. Өкінішке орай, миоманы емдеудің бірде-бір табиғи әдісі оның тиімділігін дәлелдейтін ғылыми дәлелдерге ие емес. Диеталық ұсыныстар, гомеопатиялық емдеу, жаттығулар немесе басқа нәрсе болсын, кез келген әдіске қатысты зерттеулерде белгілі бір тапшылық бар. Басқаша айтқанда, егер сіз миомамен өмір сүру сізге ыңғайсыздық тудыратын немесе денсаулығыңызға зиян келтіретін жағдайға тап болсаңыз, дәрігермен емдеудің дәстүрлі нұсқаларын талқылауыңыз керек.

  Жатыр миомасы дегеніміз не?

Миома - жатырдың қабырғаларында пайда болатын серпімді өсінділер. Олар репродуктивті жастағы әйелдерде жиі кездеседі, әсіресе 35 жастан кейін. Көп жағдайда бұл қатерсіз зақымданулар шағын өлшемді сақтайды және ешқашан дерлік қатерлі ісікке әкелмейді. Дегенмен, миома кейбір әйелдердің өмір сапасына айтарлықтай әсер етуі мүмкін. Афроамерикалық әйелдер басқа этникалық топтардағы әйелдермен салыстырғанда симптомдардың дамуына үш есе бейім.

Жатыр миомасы неден пайда болады?

Ғалымдар әлі күнге дейін бұл ауытқудың себебі неде екендігі туралы ортақ пікірге келе алмаса да, оның пайда болуына айтарлықтай әсер ететін бірнеше факторлар бар екені анық. Олар туралы көптеген ақпаратқа ие болу емдеудің қай түрі сіз үшін ең қолайлы екенін анықтауға көмектеседі.

    • Жатырдың қан тамырларындағы ауытқулар миоманың пайда болуына әкелуі мүмкін.
    • Жатырдың бұлшықет жасушаларының өсуін айтарлықтай жеделдетуге қабілетті гендер де жауапты болуы мүмкін.
    • Миома әйелдің репродуктивті циклімен байланысты болуы мүмкін болғандықтан, бірінші етеккір келгенге дейін іс жүзінде көрінбейді және жүктілік кезінде жиі жарылып кетеді, ғалымдар эстроген мен прогестерон гормондарының ықтимал қатысуы туралы айтады. Миоманы табиғи түрде кішірейтуге тырысқанда, дәл осы гормондар басты назарда болады.

Заманауи емдеу әдістері қандай?

 Миоманың ең ауыр жанама әсерлеріне тап болған әйелдер үшін жатырды алып тастау біраз уақыт бұрын жалғыз мүмкін ем ретінде қызмет етті. Гистерэктомия жатырды әйел денесінен алып тастауды талап ететіндіктен, жүкті болу мүмкін болмағандықтан, емдеудің бұл түрі қазіргі уақытта тек төтенше жағдайларда қолданылады .

    • Қазір дәрігерлер әйелдермен жұмыс істеп, инвазивті емес және аз инвазивтіден хирургияға дейінгі миоманы емдеудің кең ауқымын қолдануда.
    • Жаңа дәрі-дәрмектер мен басқа емдеу әдістері үнемі тексеріліп отырады, бұл жақында миомамен күресудің басқа нұсқаларына әкелді.

Осы тұста тағы да айтып өту керек, Өкінішке орай, миоманы емдеудің бірде-бір табиғи әдісі оның тиімділігін дәлелдейтін ғылыми дәлелдерге ие емес. Диеталық ұсыныстар, гомеопатиялық емдеу, жаттығулар немесе басқа нәрсе болсын, кез келген әдіске қатысты зерттеулерде белгілі бір тапшылық бар. Басқаша айтқанда, егер сіз миомамен өмір сүру сізге ыңғайсыздық тудыратын немесе денсаулығыңызға зиян келтіретін жағдайға тап болсаңыз, дәрігермен емдеудің дәстүрлі нұсқаларын талқылауыңыз керек. Сонымен қатар, егер сіздің миомаңыз ауырсынудың көзі болмаса және басқа қиындықтар тудырмаса, табиғи әдістерді қолданудың зияны жоқ.

 

 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар